Митиң, кеттлиң, ұстаулар: Қазақстанда 28 ақпанда не болды?

Қысқаша


01/03/2021
11:05 45823 0

Алматыдағы кеттлиң, 28 ақпан. Фото: azattyq.org

 

28 ақпанда Қазақстанның бірнеше қаласында: Астана (Нұр-Сұлтан), Алматы, Орал, Ақтөбе мен басқа қалаларда митиң өтті. masa.media сол жиындарда не болғанын қысқаша айтып береді. 

 

Алматы

 

Алматыда екі жерде митиң өтеді деп жоспарланды: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының жаны мен Горький атындағы орталық парк. Митиң қарсаңында «Байқоңыр» метро станциясы, аялдамалар мен бірнеше көшенің жолы жабылды. 

 

Спорт сарайының қасына, тіркелмеген Демкратиялық партия шақырған митиңге 30-дан астам адам жиналды. Наразылар Республика алаңына бармақ болған. Бірақ оларды арнайы жасақ қоршап алып, 10 сағат еш жерге жібермей ұстап тұрды.

 

Қазақстанда тыйым салынған ұйым «Қазақстанның демкоратиялық таңдауы» жұртты Горький атындағы орталық паркке митиңге шақырған. Ол жерде де полиция күзеті күшейіп, көшелер мен сол маңдағы кафе, мейрамханалар жабылды. БАҚ айтуынша 40 адамдай ұсталған. Олар «саяси тұтқындарға бостандық», «Назарбаев — диктатор» деп ұрандатқан. 

 

Астана (Нұр-Сұлтан)

 

Белсенділер бір жыл бұрын тергеу изоляторында қайтыс болған Дулат Ағаділді еске алды. Құран оқылғаннан кейін арнайы жасақ 13 жиналғанды қоршауға алып, үш сағаттай еш жерге жібермей, ұстап тұрды. Сол уақытта оларға әкімдік, прокуратура өкілдері келіп, тарауға үндеді. Белсенділер бұған көнбеді. 

 

Орал 

 

Оралда 300-дей адам жиналған рұқсат етілген митиң өтті. Жиналғандар саяси тұтқындарды босатуды, жерді шетелдіктерге сатпауды, белсенділерді қудалауды тоқтатуды, Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың отставкаға кетуін талап етті. 

 

Осы жиын алдында жергілікті белсенді Серік Қаяпқалиевтің көлігін біреулер өртеп кеткен. 

 

Ақтөбе 

 

10 адам орталық стадионның жанына жиналып, саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Оларды да полиция ұстап әкетті. 

 

Атырау

 

Исатай мен Махамбет алаңына 30-дай адам жиналып, жаңа Конституция шығарып, (парламент — ред.) сайлауды қайта өткізуін талап еткен. Оған осындай жиындарға қатысуына тыйым салынған белсенді Макс Боқаев келген. 

 

Семей 

 

Семейде полиция митиңге бармақ болған сегіз белсендіні ұстап әкеткен. Жиын өтеді деген алаңда полиция күзеті күшейген. 

 

Жаңаөзен 

 

Vласть хабарлауынша 27 ақпанда төрт белсенді — Нұрлыбек Нұрғалиев, Нұржан Наренов, Жаңбыр Ерғазы мен Жоламан Сейілов 15–20 күнге түрмеге қамалған. Олар 10 ақпаннан бері қала әкімдігіне ауыз суы, газ бен Бозжырадағы қонақүй құрылысына қатысты наразылығын айтып келген. Әкімдіктен жауап болмағасын, олар 28 ақпанда митиң өткіземіз деп хабарлаған. 

 

Қамалғандарға «бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы заңды бұзды» деген айып тағылды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

01/03/2021 11:05
45823 0

Уведомление